Маңғыстаулық спортшы киокушинкай кан каратэден Әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап.
Алматы қаласында киокушинкай кан каратэ спорт түрінен өткен әлем чемпионатында маңғыстаулық спортшылар 1 алтын, 2 қола медаль жеңіп алды.
Оның ішінде 12-13 жас аралығында Нұрай Әбдижамал 40 келіде әлем чемпионы атанса, қарақия аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің түлегі Гүлназ Изтанатова жастар арасында 16-17 жас аралығында +60 келіде өнер көрсетіп және 12-13 жас аралығында 30 келіде Берекет Чектибай қола жүлдегер атанды.
Алматы қаласында кекушинкай кан каратеден өткен әлем чемпионатына 35 елінен 700 спортшы қатысқан болатын.