Қарақиялық жас боксшы Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы гимназияда күміспен күптелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
19-27 тамыз күндері Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен бүкіләлемдік жазғы гимназияда ойындарында бокстан еліміздің жасөспірімдер құрамасы қатысты. Аталған сында 60 келі салмақ дәрежесінде маңғыстаулық Жәдігерхан Салық күміс жүлдегер атанды.
Жас боксшысы Жәдігерхан Салық Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының тумасы. Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атанған ол былғары қолғапты 7 жасынан бері жанына серік етіп келеді. Халықаралық, республикалық, облыстық жарыстардың жеңімпазы атынып үлгерген оғлан алда өз мақсатына жетіп, Олимпиада чемпионы атануды көздейді.
Оңтүстік Америкада өткен гимназияда жазғы ойындарында әлемнің 48 елінен келген 2000-нан астам жас жеткіншек спорттың 22 түрі бойынша үздіктерді анықтаған болатын.