Маңғыстаулық дзюдошы Асқар Нарқұлов Гонконгта аяқталған Азия чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасымен бірге командалық сында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін Қазақстан ұлттық құрама командасы ширек финалда Үндістан құрамасын ұтқанымен, жартылай финалда жапондарға есе жіберді.
Ал үшінші орын үшін күресте Түркменстан құрамасын спортшыларымыз 4:2 есебімен жеңіске жетіп, қола медальға ие болды.
1:0 (Екатерина Токарева)
1:1 (Айдар Арапов)
2:1 (Камила Берліқаш)
3:1 (Ерасыл Қажыбаев)
3:2 (Бақыт Құссақбаева)
4:2 (Данияр Шамшаев)
Азия чемпионатының қорытындысы бойынша командалық жарыста Жапония құрамасы чемпион атанса, Моңғолия дзюдошылары күміс медальға ие болды. Үшінші орынға Қазақстан мен Өзбекстан дзюдошылары тұрақтап отыр.