Маңғыстаулық Қайрат Бурбасов Абу-Даби қаласында (БАӘ) дзюдодан ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайрат Бурбасов 30-34 жас аралығындағы ардагерлер арасында бақ сынап, жарыс барысында Франция және Грузия елінің спортшыларынан басым түсті. Ал финалда Италия елінің спортшысына есе жіберді.
31 қазан- 3 қараша аралығында дзюдодан ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатына 63 елден 973 спортшы қатысқан болатын.
Қайрат Бурбасов қазіргі таңда МО ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы, елімізге еңбек сіңірген жаттықтырушысы. Айта кету керек, жаттықтырушыдан тәлім алған Маңғыстаудың мақтанышы Нұрдәулет Жарылғапов «Қазақстан барысы -2023» республикалық турнирінің күміс жүлдегері атанып, Әлемдік аренада биік шыңдардан көрініп жүр.