Монғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында жерлесіміз Әбу-Бәкір Жәнібек чемпион атағын жеңіп алды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
15-20 шілде аралығында өткен спорттық додада ҚР ұлттық құрама мүшесі 62 кг салмақта сынға түсіп, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Әбу-Бәкір Жәнібек осыған дейін де бірнеше рет әлем чемпионатына қатысып, күміс және қола иемденген. Ал Монғолиядағы тартыстан кейін спортшы 3 дүркін әлем чемпионы атанды.