© Bassport.kz
1-3 наурыз күндері Өзбекстан астанасы Ташкентте дзюдодан кезекті Grand Slam турнирі өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Дзюдо федерациясының мәліметінше, аталған сынға ерлер арасында қатысатын Қазақстан құрамы анықталды. Олардың қатарында Маңғыста облысының 2 балуаны бар.
73 келіде Асқар Нарқұлов аттанса, 81 келіде жерлесіміз Руслан Мұсаев белдеспек.
Ерлер командасының тізімі төмендегідей:
60 келі: Елдос Сметов, Нұрқанат Серікбаев
66 келі: Есет Қуанов, Ғұсман Қырғызбаев
73 келі: Данияр Шамшаев, Асқар Нарқұлов
81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Руслан Мұсаев
90 келі: Айдар Арапов, Ермахан Әнуарбеков
100 келі: Бекзат Шағатаев, Нұрлыхан Шархан
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай
Ақпан айының 2-4 күндері аралығында маңғыстаулық татами шеберлері Париж турнирінде белдескен болатын.