Астанада күрес түрлерінен аяқталған ел чемпионатында Маңғыстау облысының балуандары еркін күрес бойынша жалпы командалық есепте үшінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстан біріншілігінің соңғы жарыс күнінде 97 келіде күрескен Камиль Куруглиев жартылай финалға дейін жетті. Финалға жолдама беретін сында жерлесіміз Жамбыл облысының өкілі Әлішер Ерғалиға есе жіберді. Алайда шешуші белдесуде өз мүмкіндігін мүлт жібермеген Камиль ересектер арасындағы чемпионаттың қола жүлдесіне қол жеткізді.
Камиль Куруглиев бұған дейін 92 келіде жастар арасында Азия және әлем чемпионы атанған. Ол биыл ересектер арасындағы додаға алғаш рет қатысып, жүлделі орынға ілініп отыр.
Сондай-ақ, аталған біріншілікте еркін күрестен 65 келіде Маңғыстау облысының өкілі Майис Алиев Қазақстан чемпионы атанды. Бұдан бөлек, 86 келіде өнер көрсеткен маңғыстаулық Наурыз Ахметханов те қола жүлдеге ие болды.