Маңғыстау облысының атынан сынға түскен боксшы Саматәлі Төлтаев Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшесі. Ол 60 келі салмақта ел намысын қорғап, жастар арасында бокстан әлем чемпионатының финалисі, Азия чемпионы (2017), Қазақстан чемпионы (2020), 2022 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жағдай туралы Төлтаев SPORTNAMA Youtube-арнасына берген сұхбатында айтып мәлімдеді. Бұған дейін оның себебі қан құрамынан тыйым салынған препарат анықталып, үш жылға спорттан шеттетілді.
Ақпан айында Ташкенттегі әлем чемпионатына дайындық алдында допингке тест тапсырдық. Оның нәтижесі наурыздың ортасына қарай шықты. Міне, сол кезде менің допинг-тестім оң нәтиже берді. Араға екі апта салып маған құрамадан кетуім керектігі жайлы хабарлады. Сол сәтте бәрі осымен бітті ме деп ойладым. Сонда бокстағы карьерам аяқталды ма дедім, - деп пікір білдірді боксшы сұхбат барысында.
Сондай-ақ, боксшы сыни сәтте ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов пен өзге боксшылар қолдау көрсеткенін атады.