Ақтау теннис мектебінің түлегі, әлемнің 188-ракеткасы Бейбіт Жұқаев Аustralian Open-2024 турнирінің іріктеу кезеңін жеңіспен бастады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жерлесіміз іріктеу кезеңінің ширек финалында дүниежүзілік рейтингте 511-орында тұрған австралиялық Николас Кикермен шеберлік байқасты.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:1 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 2:2 болған мезетте брейк жасап, өз геймін алып, қорытынды есеп 6:4 нәтижесімен аяқталды.
Бір сағат 18 минутқа созылған бәсекеде Жұқаев 10 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың үшеуін құр жібермеді.
Енді Бейбіт Жұқаев іріктеу турнирінің жартылай финалында әлемнің 99-ракеткасы, франциялық Хьюго Гастонмен өзара мықтыны анықтайды.