Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған Абиба Әбужақынова маңғыстаулық жас дзюдошылармен кездесті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, дзюдодан әлем чемпионатының 2 дүркін қола жүлдегері Абиба Әбужақынова Ақтауға арнайы келген.
Тұрар Жолдыбаев атындағы дзюдо орталығында өткен кездесуде жас дзюдошыларға мотивация беріп және жарыстардағы психологиялық дайындық жайында өз тәжірибесімен бөлісті.
Белгілі балуанға Маңғыстау облысының дзюдо федерациясы тарапынан сый-құрмет көрсетілді.
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова әлемдік рейтингте үздік бестікке енген. Ол 2022 және 2024 жылдары әлем біріншіліктерінде үшінші орынға ие болды.
Сондай-ақ, өткен жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында күміс жүлдегер ие болды.