©
Мамыр айының басында футболдан Ақтау қаласында 2004 жылғы жасөспірімдер арасында Маңғыстау облыстық чемпионаты өткен болатын. Түпқараған ауданы, Маңғыстау ауданы, Жаңаөзен қаласы, Мұнайлы ауданы, Қарақия ауданы, Жетібай поселкесі, Ақтау қаласы, «Ақтау» футбол клубы барлығы 8 команда қатысқан облыстық футбол чемпионатынан Түпқараған ауданы – 1-орын, Мұнайлы ауданы – 2-орын, Ақтау қаласы – 3-орын иеленсе. "Топжарған" түпқарағандық футбол командасынан Доғдырбай Арман Амантайұлы «Үздік жартылай қорғаушы» атағына ие болды.
Осы жеңіспен оралған түпқарағандық футбол командасы 1-6 маусым аралығында Ақтөбе қаласында өтетін Батыс аймақтық іріктеу чемпионатына қатысады. Аудандық спорт мектебінің жас маманы Сағынышбек Бұхарбайұлы мен тәжірибелі маман Кемелов Нұрлан алдағы уақытта командадан жеңіс күтіп отыр.
Милана ЕЛЕУСІНОВА