Алматыда киокушинкай кан каратэ спорт түрінен өткен Әлем чемпионатында маңғыстаулық спортшы Нұрай Әбдіжамал 12-13 жас аралығында чемпион болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12-13 жас аралығында 30 келіде Берекет Шектібай мен жастар арасында Гүлназ Изтанатова +60 келіде бақ сынап, Әлем біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алды.
Маңғыстаулық команда байрақты бәсекеден 1 алтын, 2 қола медальды қоржынға салды.
24-26 қараша аралығында өткен Әлем Чемпионатына 35 елден 700-дей спортшы қатысқан.