«Каспий» футзал клубы Қазақстан чемпионатында жартылай финалға шықты. Финалдық ойында жергілікті команда оралдық «Бәйтерекпен» кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтаулықтар үш кездесудің екеуінде жеңіске жетті. Оралдық команда алаңында өткен алғашқы ойында 5:1 есебімен есе жіберді. Ал өз алаңындағы жауапты ойында 4:3 есебімен «Каспий» жеңіске жетті. Үшінші кездесуде де жеңіс «Каспийдың» еншісінде болды.
Яғни кездесудің алғашқы таймы 2:2 есебімен тең аяқталды.
Дегенмен екінші таймда жергілікті команда 4 голды қарсылас қақпаға салып, есепті еселеді. Осылайша, бұл ойын оралдықтар үшін олжалы болмады. Ойын 6:4 есебімен «Каспий» футзал командасының пайдасына шешілді.
Енді жартылай финалда ақтаулық футболшылар Рудныйдың «Аятына» қарсы кездесу өткізеді. Ойын Рудный қаласында 15 және 16 мамыр күндері өтеді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА