18-22 қараша күндері Орал қаласында дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтеді. Ел чемпионатында маңғыстаулық 14 балуан бақ сынайды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Чемпионат алдында Маңғыстау дзюдо федерациясыны президенті Асылбек Тұрарұлы мен вице президенті Нұрлыбек Қыдырғалиұлы бапкер Айбек Имашевпен және спортшылармен кездесті. Спортшыларға сәт-сапар тілеп, спорттық форма сыйлады.
Маңғыстау облыстық дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ел чемпионатында Маңғыстау құрамасы сапында 60 келі салмақта Бауыржан Нарбаев, Мерей Мархамбетов бар. 66 келі салмақта Бауыржан Сағынғалиұлы мен Сұңғат Жұбатхан, 73 келі салмақта Асқар Нарқұлов, Бексұлтан Қартбай қатысады. 81 келі салмақта Руслан Мұсаев пен Базарбай Ырысбек, 90 келі салмақта Бейбарыс Бақтыбай бақ сынайды. Ал +100 келі салмақта Нұрдәулет Жарылғапов бар.
Сонымен қатар қыздар арасында 52 келі салмақта Гүлдана Әлмұханбетов, 57 келі Айнур Джумамурадова, 63 келіде Маржан Қаналиева мен Сымбат Абдолла, 78 келі салмақта Жансұлу Амандық бар.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА