Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде мерекелік шара өтті. Бұл —кешеннің халықтық ұжымы «Гвоздь» театрының 55 жылдық мерейтойы мен «Өркен» жастар театрының 10 жылдығына арналған концерт.
Қос бірдей өнер ұжымдарының атаулы күнін тойлауға өңіріміздің театр майталмандары, мәдениет саласының қызметкерлері және қала тұрғындары жиылды. Концерттік бағдарламаға театрлардың визиттік картасына айналған сүйікті қойылымдардан және жаңа тың туындылар енгізілген. Кешке жиналғандар «Гвоздь» театрының негізін қалаған Павел Попов, Анна Айтайская, Александр Кандратьев, Иван Руденко, Мария Беленькая, Роман Бубнов сынды өнерпаздарды еске алды. Сонымен бірге шара аясында Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Аманғали Нұрдәулетов пен Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Гүлжазира Алдашева сөз алып, театрларды мерейтойларымен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Ал көрермендер сүйікті өнерпаздарының өнеріне қошаметпен қол соқты.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="64731,64729,64733,64732,64730"]