Жуырда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Мұрат Өскінбайұлы атындағы облыстық филармонияда тарихымыз бен өткен замандағы елеулі тұлғаларымызды насихаттау мақсатында дәстүрлі ән-күй кеші өтті.
Өнер зерттеушілері қазақтың халық музыкасын аймақтық, орындаушылық ерекшеліктеріне қарай Батыс, Жетісу, Сыр бойы, Арқа және Алтай-Тарбағатай мектебі деп беске бөліп қарастырады. Аталған шараға жоғарыда сөз еткен барлық мектеп өкілдері қатысты.
Маңғыстау дәстүрлі ән мектебінің өкілі Ақмарал Ерімбетова: «Біз қанша тасада жүрсек те халықтың дәстүрлі әндерге шөліркеп, ықылас танытып, сүйсіне тыңдайтынын сеземіз. Мұнда шырқалар бес мектептің әндерін біраз уақыт дайындап, алып шыққалы отырмыз. Ел жұрт шынайы әсер алып қайтады деген ойдамыз», – деді шара басталар алдында.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Қарбыз құрамындағы нитратты үйде анықтаудың тәсілін білесіз бе?Расымен де ел қошеметі молынан болып, рухымыз қанаттанып, ән-жырға кенеліп қайттық. Дәстүрлі ән – ғасыр өтсе де бояуы кеппес асыл сөздердің, әуез бен ішкі рух жемісінің жиынтығы. Ері бар елдің өнері де өлмек емес. Атпал азаматтар қолдауымен халықтың жан-дүниесін байыту мақсатында мұндай шаралар көптеп ұйымдастырыла береріне сеніміміз мол!
Мадияр ТӨЛЕУОВ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56436,56432,56433,56434,56430,56435,56431"]