Астана қаласының 20 жылдығына орай жақында Астана қаласында ХІІ халықаралық «Ақ көгершін» фестиваль-байқауы өтті. Халықаралық байқауға көрші мемлекеттер Ресейден, Қырғызстаннан келген 800-ге жуық өнерпаз қатысты. Бұл байқауда Құлшар Бақтыбайұлы атындағы Бейнеу өнер мектебінінен 32 талантты, дарынды өнерпаздар 4 номинация бойынша бақ сынап, өз өнерлерін көрсетті. Атап айтар болсақ, домбыра, баян, фольклорлық ансамбль, хореография бойынша сынға түсті. Жыл сайын дәстүрлі өткізіліп тұратын бұл байқауда «Бейнеу маржандары» фольклорлық ансамблі І дәрежелі дипломант болса, «Жұлдыз» би тобы ІІ дәрежелі лауреат атанды.
Жеке орындаушылар арасынан «Домбыра» номинациясы бойынша орта топтан Есенжан Абдулла І дәрежелі лауреат, Талғат Эбишеев І дәрежелі дипломант, ересек топтағы өнерпаздар арасынан Кеңесхан Сәттіғұл ІІ дәрежелі, Ақжол Айымов ІІІ дәрежелі лауреат, Жангелді Өмірханов ІІ дәрежелі дипломант атағын иеленді. Сонымен қатар «Баян» номинациясы бойынша Жанболат Утерқалиұлы мен Фариза Қосалы ІІІ дәрежелі дипломант атағына ие болды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Мамандық таңдау — болашақты таңдауШәкірттерінің осындай биіктерден көрініп, жеңіске жетуіне жетекшілері Ақерке Маденова, Жанар Көбегенова, Индира Досова, Қанат Іңірбай, Жанна Бекходжаева, Ұлжан Сүлейменқызы, Жадыра Меңдіқұлова, Ботагөз Наурызбаевалардың қосқан үлесі зор. Үйреткен білімі мен қатар ерен еңбегінің нәтижесі екені айқын. Барлық жетекшілеріне «Үздік ұстаз» дипломы беріліп, байқауға апарған төрт жетекші И.Досова, А.Маденова, Ұ.Сүлейменқызы, Ж.Меңдіқұлова Құрмет грамотасымен марапатталды.
Ү. ҚАЗДАЕВА