25-28 наурыз аралығында Астана қаласында өткізілген дәстүрлі «Ақ көгершін» XII халықаралық фестиваль-конкурсына Таушық мәдениет үйінің атынан «Домбыра» номинациясы бойынша Ақнұр Ағдал қатысқан болатын. Республиканың жүйріктері ғана емес, алыс-жақын шетелдерден келген өнерпаздар арасында Ақнұр Ағдал II дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды.
Астана қаласынан байқаудан оралған жүлделі өнерпаздарын Таушық мәдениет үйінің ұжымы Шетпе станциясынан қошеметпен күтіп алып, жеңісімен құттықтады. - Біздің Таушық мәдениет үйі жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, өнерге баулу үшін қолынан келген мүмкіндікті туғызуда. Жұмыстың нәтижесі де жаман емес, жастарымыз қатысқан додаларынан жүлделі оралуда. Таушық мәдениет үйінің музыкалық жетекшісі Даулетярова Эльмира Сәбитқызы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен, әдіскеріміз Тастемирова Жаңылсын Алғыс хатпен марапатталды. Бұл да – біздің ұжымның жетістігі. Осы фестиваль-конкурсқа демеушілік жасаған Жеткізгенов Түгелбай, Қожақов Инамат, Мұқанов Сағындық, Серікбаев Қошмұрат, Керимов Нурадин, Қали Сақып ағаларымызға, Ізбенова Науша апайға Таушық мәдениет үйінің ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз. Осы ел ағалары арқасында өнерлі балаларымыз байқауларда бақ сынап, жүлдегер атанып жүр, – дейді Таушық мәдениет үйінің директоры Хадис Жалжан.
Өз тілшімізден
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Серағаңның «Дара жолы»