Ақтау қаласында Амал мерекесіне орай «Амал келді, жыл келді» концерті өтті. Концертке Абай атындағы мәдени-демалыс кешені шығармашылық ұжымдары мен қала өнерпаздары қатысты.
Олар мерекеде халық шығармалары мен дәстүрлі әндерден шашу шашып, мың бұрала билеп, жиылған жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Амал күніне арналған арнайы қойылыммен басталған концерт мерекелік нөмірлер мен викториналық ойындарға жалғасты.
Көктем мейрамы күні ақтаулықтар алдында өнер көрсеткен әртістер қатарынан көпшілікке «Босмойын», «Көкжөтел» әндерімен танылған Бекслан Аязбаев, Мұрат Сыран сынды эстрада жұлдыздары да табылды. Бұл күні ғасырдан ғасырға ұласып келе жатқан дәстүрлі мереке құметіне ақ тілектер де ақтарылды.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="50150,50152,50154,50153"]