Маңғыстау ауданында мәдениет саласының сорпасын бірге сапырып жүрген өнер адамдарымен қоса мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірігіп музей ұжымы Маңғыстау өлкесіндегі киелі жерлерді, орындарды жас ұрпаққа насихаттау мақсатында «Туған өлке ғажайыптары» шараны бірігіп өткізді.
Шараға Б. Жұмалиев атындағы орта мектептің 9-сынып оқушылары қатысып, оларға «Маңғыстаудың киелі жерлері» тақырыбында бейнебаян көрсетілді. Шара қонақтары Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ә.Жұмағалиев пен еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы Ш.Байпақов және ардагер ұстаз А.Дүйсембаева шара соңында оқушыларға құнды кеңестерін айтты.
Басқосудың екінші бөлімінде С.Қондыбай шығармашылығындағы Ұлы Ана бейнесі, мифологиядағы бейнелері, сипаттары, функциялары сан алуандығын көрсету мақсатында Маңғыстау ауданындағы музейде «Ұлы Бабалар – Ұлы Аналар» жүрмелі көрмесі ашылды. Жүрмелі көрменің алғашқы лентасын Ә.Жұмағалиев пен Ш.Байпақов қиды, көрмені музейдің экскурсоводы А.Макашова таныстырды.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Дәстүрлі ән тыңдалмайды деген сылтауды қою керек»Көрмеде аналардың мифологиялық бейнелерін, ел қорғаған аналар, батыр қыздар және алтын құрсақ аналар туралы түсінік беріледі. Бұдан басқа тарихтан, Маңғыстаудың шежірелік аңыздарынан аналар бейнелерін жинақтап халық назарына ұсындық. Сонымен қатар Маңғыстау мақтаныштарына айналған Әбіш Кекілбаевтың анасы Айсәуле ана, С. Қондыбайдың анасы Тәрбие анамыздай алтын құрсақ аналарды, ерекше тылсым күш иелері Кірпия ана т.б көре аласыздар.
Мәншүк ДОҒАЛОВА, музей қызметкері