©
Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының Абыл Тарақұлы атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің «Күй атасы - Құрманғазы» атты күй кеші өтті.
Республикамызда тұңғыш рет өткізілген күй кешінің жоғары деңгейде өтуіне жергілікті ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Сержан Шакрат, ҚР Мәдениет қайраткері Бекбол Базарбаев, Құрманғазы атындағы Республикалық сайыстардың жүлдегерлері Еркебұлан Соңғыбаев, Алмас Жетібаев, Данияр Сағынғалиұлы, Республикаға танымал жыршы-термеші Жеткізген Сейітов т.б. өнер майталмандары ат салысты.
Күй кешін оркестрдің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижеры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Р.Мадреев жүргізді.
Кеште Құрманғазы Сағырбайұлы күйлерінің шығу тарихы туралы кеңінен баяндалып, көрерменге таныстырылды. Күй кешіне қатысқан көрермен музыка құдыретіне тамсанып, қазақ халқының қайталанбас музыка өнерімен сусындады. Күй кешіне шетелдік қонақтар да қатысып, ұлттық өнерімізге тәнті болды.
Өнер жиынында Ә.Мұратовтың дирижерлығымен оркестрдің орындауында: «Серпер», «Кішкентай», «Перовский марш», «Көк ала ат», «Алатау», «Саранжап», «Қуаныш», Б.Көбенғалиевтың дирижерлығымен «Балбырауын», «Көбік шашқан», «Машина», «Қайран шешем», «Ақбай», «Сарыарқа» күйлері орындалып, жеке орындауда Ғ.Қолғанатов «Ақсақ киік», Б.Базарбаев «Аман бол шешем аман бол», С.Оңайбай «Боз қаңғыр», Д.Сағынғали «Ілме», К.Аяғанов «Терісқақпай», Е.Соңғыбай «Бұлбұл», «Байжұма», С.Шәкрат «Төремұрат», Ж.Сейітов «Қашағанның термесі», Р.Мадреев А.Жайымовтың Поэма «Ереулі атқа ер салмай», «Адай» шығармалары көрерменге тарту етілді.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Тағы оқыңыз: Мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын айтты