ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті өңірлер ішінде тұңғыш рет осы тақырыпта акция өткізді.
Шара Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының 9-бағытын жүзеге асыру және «Рухани жаңғыру: Өзгерістерді өзіңнен баста!» атты бағдарлама аясында ұйымдастырылды.
Қоғамда орын алып жатқан өнер мен мәдениет саласындағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» мәдениетін қалыптастыру және алдын алу мақсатындағы акция аясында жыл бойы облысымыздың мәдениет және өнер саласының қызметкерлерімен семинар, көрмелер, кездесулер, дөңгелек үстелдер мен жиындар ұйымдастырылмақ.
Кеш «Өнер мен мәдениетте жемқорлыққа орын жоқ» атты акцияның тұсаукесеріне белгілі сазгер Е.Құли, танымал әншілер А.Көшеров, Ж.Көшкінов, М.Әсембаев, Н.Ибрагим және Нұрлан Мусаев, Арғынбек Қалбаев сынды айтыскерлер, құқық қорғау органдарының басшылары, мемлекеттік және бюджеттік мекеме қызметкерлері, мәдениет пен мұнай-газ саласының ардагерлері, қарттар үйінің тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің Төрайымы Н.Жанназарова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу жұмысы тек мемлекеттік органдардың ғана емес, баршаға ортақ іс әрі қоғамның әлеуметтік топтарының белсенділігіне мұқтаж екендігін атап өтті.
- Республикада тұңғыш рет өткізіліп отырған үлкен акцияны сіздердің қолдауыңызбен бастап отырмыз. Елбасымыздың билғы Жолдауында да, бұрынғы мәлімдемелерінде де, өздеріңіз білесіздер, қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша нақты тапсырмалар беріліп жүр. Сол Жолдаудың аясында Еліміздегі, өңіріміздегі халықтың, соның ішінде қай сала қызметкерлерінің болса да адалдыққа жақын болғандығын біздің департаментіміз негізгі мақсат етіп, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік бойынша біздің департамен біраз жұмыстар атқарып келеді.
Елбасының «Рухани жаңғыру: Өзгерістерді өзіңнен баста!» атты бағдарлама бағытына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жауапты орган болып табылады. Сондықтан қоғаммен тығыз байланыста болып, бүгінгі шараны бастағалы тұрмыз.
Бүгінгі шараның ерекшелігі сол, біздің облысымызда еңбек етіп жүрген өнер мен мәдениет саласының 2000-дай қызметкері бар екен, Құдайға шүкір деп қояйық, осы уақытқа дейін бұл сала мамандарының арасынан сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген жоқ. Бұл біз үшін қуанарлық жағдай. Сол үрдісті ары қарай жжалғастыру үшін бүгінгі акцияны өткізіп отырмыз. Шара аясында көпшілікке сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақындар айтысын ұсынып отырмыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұйымдастырылған қойылымдар бар. Көп болып қолға алса, жеңілмейтін жау жоқ деп ойлаймыз. Жер бетін жегі құрттай жайлап бара жатқан сыбайлас жемқорлықтан ада болайық!
https://www.youtube.com/watch?v=JYyYT8x0xH4&t=2s Шара барысында «Жорға» би ансамблі «Қыздар-ай», ағайынды Асқар және Асанәлі Көшеровтер «Асыл азамат», «Сен керексің», Мұнайлы ауданы мәдениет бөлімі басшысы Есенбай Құли «Мәжнүн тал», Сәбит Шектібаев халық әні «Ақсұңқар», Марат Сафаров «Малиновый звон», Аида Байгелова «Ақтанның термесі» т.б. орындап көрермен қошеметіне бөленді.Тағы оқыңыз: Мемлекеттік тілді меңгерудің маңыздылығын айтты
Парақорлықтың алдын алу тақырыбында өңірімізге танымал өнерпаздар Нұрлан Мусаев пен Арғынбек Қалбаев арасында айтыс өтіп, Маңғыстау өнер колледжі студенттері дайындаған «Өнерге қиянат» және Жаңаөзен қаласының «Асыл сөз» оқушылар шығармашылық үйі» әзірлеген «Мың рет бара бергенше бір рет пара бер» атты театрландырылған көріністер көпшілік назарына ұсынылды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="47410,47409,47411,47406,47405,47412,47415,47414,47413,47407,47408"]