©
Түпқараған аудандық Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебінің шәкірттері бас жүлдемен оралды.
Ақтөбе қаласында 26-27 қаңтар күндері «Жас талант.kz» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының 1 республикалық байқау-фестивалі өтті. Осы сайысқа Түпқараған ауданынан Сұлу Сабитова мен Шырынгүл Құрмантаеваның жетекшілігімен аттанған «Ақкетік өрендері» домбырашылар ансамблі Бас жүлде иеленді. Таланттар тайталасында қазақтың қара домбырасымен күмбірлете күй тартқан түпқарағандық өрендер көпшіліктің көзайымына айналды. Домбырашылар «Қолбасшы» күйін шеберлікпен тартып, жеңімпаз атанды.
Осы байқауда жеке домбыра аспабы бойынша Ш.Құрмантаеваның жетекшілігімен Гүл Тлеумұратина 3-орын, Ботакөз Сүлейменова ынталандыру сыйлығын да қанжығаға байлай келді. Дәстүрлі ән номинациясы бойынша Сайын Шапағатов селолық округындағы Өнер бөлімшесіндегі Гүлсім Магзумованың жетекшілігімен оқушылары Әмірхан Дархан мен, Айдос Мырзағалиев 3-орынмен марапатталды.
https://youtu.be/jp1LgI7pe2M-Аудан әкімшілігі, аудандық білім бөлімі мен өнер мектебінің басшыларына алғысымызды білдіреміз, балаларымыздың қуанышында сөз жоқ!Біздің өнер мектебіміз үнемі өздернің өнердегі орнын дәледеп келеді. Қай байқаудан болмасын домбырашыларымыздың жүлдесіз қайтқаны болмады. Біз ауыл жастарның өнерлеріне сене отыра, соны ұштауға бар күшімізді саламыз,- дейді ардақты ұстаз Сұлу Сабитова. Өнер бәсекесінде жұлдыздай жарқырап, аймақ абыройын асқақтатқан бүлдіршіндердің алар асулары алдада, оған алдағы еліміздің бас қалаларында өтетін байқауларда да жүлдені қолдан оңай бермейтіндеріне барша түпқарағандықтар сенімді.
Жадыра ЕДІГЕҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="47479,47481,47480"]