Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, М.Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының «Ақжарма» фолькорлық ансамблі мен би тобының «Ән арқауы - Қазақстан» атты концерті өтті. Фолькорлық ансамбльге мәдениет саласының үздігі Айдарбек Оңайбаев көркемдік жетекшілік етсе, би тобына Айнұр Сариева жетекшілік етті.
Концерттік бағдарламада Ғ.Құрманғалиевтың «Сәлем Қазақстан», Ш.Қалдаяқовтың «Отан» әндерін «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуінде мәдениет саласының үздігі Асанәлі Көшеровтің, республикалық дәстүрлі әншілер байқауының бас жүлдегерлері Сәбит Шектібаев пен Әзімхан Баймағанбетовтың орындауларында халық әндері мен термесінен попуррилер, Кәмшат Ізтілеуованың орындауында Илья Жақановтың «Толағай», Садық Кәрімбаев «Ақтамақ», Марат Сафаровтың орындауында Б.Байкенжеевтің «Ақшолпан», М.Құраловтың «Бұлқынды жүрек», «Жеті қайқының» әндері орындалды.
Тағы оқыңыз: Асылдың сынығы ақын Зәкарияның ұрпақтары жайлы не білеміз?
Сондай-ақ, Құрманғазы атындағы республикалық күйшілер байқауының бас жүлдегері Еркебұлан Соңғыбаев Есбайдың «Терісқақпай» күйін шеберлікпен орындап, «Ақжарма» фольклорлық ансамблінің сүйемелдеуімен «Жайлауда», «Шалқыма» билерін орындаған би тобы көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Рухани жаңғырудың арқауы – ұлттық кодтың сақталуы. Ұлттық салт – дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымызды сақтау рухани жаңғырудың басты өзекті мәселелерінің бірі. Жаңғыру ұғымы-жаһандану дәуірінде ұлттық өнерімізді сақтау, болашаққа жеткізу болса бүгінгі шырқалған әндер – Отанға, елге деген сүйіспеншілікке арналды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="47669,47671,47673,47680,47674,47676,47677,47675,47679,47678"]