Мұнайлы аудандық соты күдікке ілінген тұрғынға үш жылға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан тұрғыны қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен кінәлі деп танылды. Ол Мұнайлы ауданы, Баянды ауылындағы өндірістік аймақтан контейнерді ұрлау мақсатында кран автокөлігін, жүк тасымалдағыш автокөлігін жалдап, аталған контейнерді 400 000 теңгеге сатып жіберіп, жәбірленушіге 1 800 000 теңге материалдық шығын келтірген.
Қылмыстық кодекстің 53,54-баптарына сай, күдікті қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайларға кінәсін мойындаған жағдайда жазасын ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.