Ақтау полициясы ұрлық қылмысын ашты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Ақтау қаласы аумағында орналасқан гараждардың бірінен станок және басқа да құрал-жабдықтар ұрланған. Ал күдікті оқиға орнынан бой тасалап кетіп, жәбірленуші Ақтау қаласы полиция басқармасына арызбен жүгінді. Тексеру барысында ұрлықтан келген шығын көлемі 5 млн теңге екені анықталды.
Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 44 жастағы күдіктіні көп ұзамай ұсталды. Қазір аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қалалық ПБ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.