Мұнайлы аудандық соты жергілікті тұрғынды есірткі қылмысы бойынша айыптап, қоғамдық жұмыстар атқаруға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Күдікке ілінген азамат қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Енді ол сот шешімі бойынша 80 сағат қоғамдық жұмыстарды атқарады.
«Қызылтөбе-2 ауылындағы үйдің алдында сотталушыны жеке тінту барысында 1 дана ақ түсті қағаз орамасына оралған, жасыл түсті, өзіндік тән иісі бар есірткі заты тәркіленді. Оның жалпы салмағы 3,28 грамды құрады. Тексеру барысында «марихуана» екені анықталды», - деп жазылған соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Айта кететін жайт, айыпталушы қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде кінәсін мойындап, өкініш білдірсе, ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.