Маңғыстау облыстық прокуратурасы еңбек қатынастары саласындағы заңдылықтың жай-күйін, оның ішінде жанжал әлеуетіне әсерін тұрақты негізде талдайтынын мәлімдеді. Құзырлы орын көрсетілген кезеңде еңбек саласындағы әлеуметтік-еңбек жағдайы мен жанжалды әлеует тұрақсыз әлемдік және ішкі экономикалық конъюнктураның әсерінен қалыптасатынын атап отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.
Жұмыс берушілердің жиі жеңілдіктері одан да көп талаптарды тудырып отыр.
Аталған деректерді талдай отырып, прокуратура органдары жұмыс берушілерді ереуілді заңсыз деп тану туралы өз бетінше сотқа жүгінуге бағыттаған. Осы құқықтық сала шеңберінде еңбек дауларын шешуде оң тәжірибе де бар. Былтыр соттар ереуілдерді заңсыз деп тану туралы 17 (5) шешім шығарса, оларға қатысқаны үшін – 87 (25) жұмыскер жұмыстан шығарылған. Сондай-ақ, 448 белсенді қатысушы тәртіптік жауаптылыққа тартылғаны белгілі болды.
Талдау көрсеткендей, ереуіл болған барлық кәсіпорындарда наразылық акцияларының себебі жұмысшылардың өкілдерімен диалогтық платформаның болмауы және жұмысшылардың талаптарына уақтылы жауап бермеуінен орын алған. Мысалы, облыс прокурорының мұнай-газ секторының жұмыскерлерімен («Великая стена» Бозашы Оперейтинг, Қарақұдықмұнай, Бозашы Мұнай, Каспиан Дриллинг ЖШС және т.б.) кездесуі кезінде жұмыс берушілердің осы уақытқа дейін мұндай кездесулер ұйымдастырылмағанын көрсетті.
Осы кездесулердің нәтижесінде жұмыскерлердің көптеген мәселелері сол жерде шешілді, кейбіреулері бойынша құқықтық баға беру үшін уәкілетті органдарға тапсырмалар берілді. Оң нәтижелерді ескере отырып, бұл жұмыс жалғасуда. Сондай-ақ, еңбек саласындағы жанжалдардың ең маңызды реттеушісі – ол мемлекет, алдымен, еңбек жанжалдарының пайда болуы мен дамуын, кейде алдын алатын заңнамалық базаны қалыптастыруы тиіс екенін атап өткен жөн.
Бұл ретте тәжірибелі мамандардың жетіспеушілігі еңбек жанжалдарын оқшаулау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың сапасына теріс әсер ететіні жоққа шығарылмайды.
Мемлекеттік еңбек инспекторлары жылына кәсіпорындар мен ұйымдардың тек 4 пайызын тексерулермен қамтиды, бұл ретте еңбек ұжымдарындағы шиеленіс ошақтарын дербес мониторингтеу бойынша әлсіз жұмыс байқалады.
Жыл сайын еңбек инспекциясы басқармалары 500-ден 800-ге дейін бұзушылықтарды анықтайды, олар үшін 60-тан 150-ге дейін адам жауапқа тартылады.
Бұзушылықтар еңбек жағдайларының жеткіліксіздігімен, демалыстың берілмеуімен, жалақының төленбеуімен және т.б. байланысты. Бұл ретте олардың бір бөлігі прокурорлар бастамашылық еткен және олардың басшылығымен жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша анықталды.
Анықталған бұзушылықтар мен жауаптылыққа тартылған адамдар санының артуы еңбек қатынастарының шиеленіс деңгейіне әрдайым әсер етпейді. Осылайша, 2023 жылы еңбек инспекторлары 140-тан астам адамды жауапкершілікке тартты. Бұл 2021-2022 жылдардағы көрсеткіштерден 29,6% - ға артық (108).
Осылайша, талдау нәтижелері ондаған жылдар бойы шешімін таппаған жұмыскерлердің құқықтарын қорғауды және еңбек жанжалдарының алдын алуды қамтамасыз етудегі жүйелік проблемаларды көрсетеді. Прокуратурамен қабылданатын шаралар. Аталған проблемаларды тұжырымдамалық шешу үшін біз «Еңбек жанжалдарының бейбіт шешімі» жобасын іске асырып жатырмыз.
Барлық дерлік проблемалар заңнамадағы олқылықтар мен уәкілетті органдардың кемшіліктеріне байланысты туындайды.
«Біз адал, сенімді және төлем қабілетті жеткізушіні таңдауға мүмкіндік беретін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мүмкіндігін кеңейтуді ұсындық. Бір ұжымның талаптарын қанағаттандыру «тізбекті реакциямен» басқалардың белсенділігін тудырған тенденция пайда болды. Өзара іс-қимылды күшейту мақсатында биыл прокуратура, әкімдік, ҚазМұнайГаз және Кәсіподақ орталығы арасында меморандум жасалды. Осының негізінде облыстың барлық кәсіподақтарымен өзара іс-қимыл жолға қойылған. Қазірдің өзінде 30 мыңнан астам жұмыскерді қамти отырып, 55 еңбек ұжымымен кездесулер өткізілді. Біздің бастамамыз бойынша «ҚазМұнайГаздың» еншілес ұйымдарында 100-ден астам ұзақ мерзімді келісімшарттар жасалды (3 жылдан астам мерзімге).
Қабылданған шаралар нәтижесінде өткен жылмен салыстырғанда ереуілдердің 87,2% - ға төмендеуі байқалады (2023ж. - 6, 2022ж. - 47)», - деді прокуратура өкілдері.
Биыл прокуратура органдары еңбек қатынастары саласында 5 тексеру және 21 талдау жүргізді, 40 - тан астам қадағалау актісі енгізілді. 5 мыңнан астам жұмыскердің конституциялық құқықтары қорғалды, барлығы 245 млн. теңге өндірілді, оның ішінде 128 млн. теңге жалақы бойынша берешек болып отыр.
Прокурорлардың актілері бойынша 90 млн. теңгеден астам айыппұл салынды.
«Біздің өңірдің ерекшелігін ескере отырып, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері прокуратура органдарының тұрақты бақылауында», - деп жазылған Маңғыстау облыстық прокуратурасы таратқан ақпаратта.