Семей қаласының полицейлеріне жергілікті дәмхана қожайындарының бірі хабарласып, олар мекеме аумағынан асыл тұқымды мысық ұрланғанын хабарлаған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, мысық дәмхана аумағында жүрген және ол қызметкерлердің ғана емес, сонымен қатар ғимаратқа тұрақты келушілердің де сүйікті мысығы болған. Ол жоғалған соң дәмхана иесі полицияға хабарласқан. Полицейлер бейнебақылау камералары арқылы ұрының кім екенін анықтады. Ол Абай облысының тұрғыны болып шықты.
Күдікті әйел тергеушілерге мысық қатты ұнағандықан осындай әрекетке барғанын айтқан. Қазіргі уақытта оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігі бойынша айып тағылды. 37 жастағы әйел енді үш жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.