
Биыл шілдеде Маңғыстау облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ұзақ уақыт бойы ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтаумен және өткізумен айналысқан 46 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыс ДП-ға сілтеме жасап.
Тінту жүргізу барысында күдіктінің қалтасынан және тұрғылықты жерінен 128 грамм "марихуана", сондай-ақ 160 грамм "гашиш" табылып, тәркіленді.
Ақтау қалалық соты оны ҚР ҚК 297-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.