Сот айыпталушының істеген ісіне шын өкінуіне байланысты жеңілдетілген үкім шығарды. Осылайша ол өз жазасын қала аумағыда өтейді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- 12 қазанда қалалық сотта Ақтау тұрғынына қатысты жануардың өліміне әкеп соққан қатыгездікке байланысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 316-бабы 2-бөлігі). Сотталушы А. 2023 жылдың 18 қыркүйегі күні сағат 21:10 шамасында мысыққа зәбір көрсеткен. Кейін айыпталушы мысықты пәтерден шығарып, үйдің кіреберісінің алдында қалдырған. Кейін мысық алған жарақатынан өлім құшты. Сот үкімімен А. 316-бапта көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Қылмыстық кодекске сәйкес оған 100 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстар түрінде жаза тағайындалды. Әзірге сот үкімі заңды күшіне енген жоқ, - деп жазылған sud.kz сайтында.
Жануарларға қатыгездік оқиғасы үшін айыпталушыларға 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алуға, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазасы қарастырылған.