Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 жылғңы 30 тамызында Республикалық референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданған. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекет билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi.
Егемен ел болып, етек жеңіл енді жинаған жас мемлекеттің халықтық сипаты мен ұлтыңболашағын айқындайтын Негізі Заңымыздың онайлықпен қабалданбағаның, елін сүйетін, ұлт жанды азаматырымыздың жаңкешті еңбектері арқасында қолымыз жеткен тарихи ұлы құжат екені анық. Сондықтан Ата Заңымыздың қабылданған күні мемлекеттік, бүкіл халықтық мереке ретінде санамызға сініп, жүргіміздің төрінен орын алды.
Елбасымыз, Мемлекет басшысы Н.Ә.назарбаевтың Ата Заңымыз жөнінде: «Біздің Ата Заңымыз- Қазақстан халқының саналы түрде тандауының жемісі. Халқымыздың осы тандауын қадірлей білейік. Ата Заңымызбен өмір сүру- білімі мен тәжірбиеін өмір бойы үйренетін демократияның жоғарғы мектебі» - қадап айтқан сөзі нәрсені аңғартады.
Негізі Заң ең алдымен еліміздің құқықтық жүйесінің ең жоғарғы биігінде тұрған, барлық заңдардың бастауы негізі көзі болып саналады. Қоғамдығы өзгерістерге, саяси экономикалық қатынастарға, халықтың әлеуметтік жағдайларына байланысты қабылданатын зандармен құқықтық құжаттар Негізі Заңда көзделген талаптарға ғана негізделеді.
Қазақстанда болып жатырған демократиқалық құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі- сот төрелегін жүзеге асыруда сот жүйесінің басқа билік тармақтарына тәуелсіз, тек қана заңға бағынушылығының Конституцияда көрініс табу деп айтуға болады. Соңғы жылдарға үздіксіз жалғасып келе жатқан сот жүйесіңдегі күрделі реформалық өзгерістер Ата Заңымыздың баптарынан бастау алады.
Экономикалық, өкімшілік, қылмыстық және жас өспірімдер саласы бойынша арнайы мамандандырылған соттардың құрылуы, аса ауыр қылмыстық істердің халық өкілдері- алқа билердің қатысуымен қаралуы, қылмыскерлерді қамауға алу шарасының тек қана сот арқылы санкциялануы сияқты сот жүйесіндегі өзгерістер жоғарғы да айтқан ойымыздың дәлелі.
Бұдан бөлек қазіргі танда, Медиация институты қолданысқа енгізілді. Бұл дауды соттан тыс шешудің бірден бір тәсілі. Медиация тәртібімен іс қарау жүзеге аса басталды. Қабылданғанына 18 жыл толатың Ата Заңымыз адамдардың ең бағалы, қымбат құдылыққа жататын, олардың құқығы мен еркіндігі, халықтың егемендігі, еліміздің тәуелсіздігі барлығынан жоғары тұратын ресми бекіткен ең мәртебелі құқықтық құжат болып табылады.
Негізі Заңымыз жеке адамдардың, топтардың немесе партиялардың мүддесін көздемейді. Ол халықтық негіздегі қасиетті де құрметті барлық заңдардың бастау көзі!
Айдарбек Тленов Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы