©
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күнгі күрделі мәселенің бірі екені өздеріңізге аян. Бұл мәселе қай елді болмасын қатты алаңдататыны анық. Сол себепті барлық сот қызметкерлері өз жұмысына ұқыптылықпен қарап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей сақтанулары қажет. Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған іс-шараларды күшейту қажет. Судья және сот мамандарының іс бойынша тараптармен, іске қатысушы қорғаушылармен және прокурорлармен процессуалдық емес ұласуына жол бермеу тиіс. Осыған орай, барлық сот қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-әрекеттерін заңнама негізінде жүзеге асырулары қажет. Қызмет барысында еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, туралықпен және азаматтардан шағым түсірмейтіндей атқаруды да қатаң ескертілген. Сондай-ақ, жұмыстан тыс уақытта қызметтік көліктерді пайдаланбауды және сот қызметкерлерінің жеке меншік автокөліктерімен әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бермеу қажет. Сол себепті, барлық сот қызметкерлері өз жұмысына ұқыптылықпен қарап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермей сақтанулары қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 жылға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру жөніндегі Негізгі іс-шаралар жоспары шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыруда. Жыл сайын сыбайлас жемқорлықпен күрес бағдарламасын іске асыру мәселелері және «Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР заңының, Ар-намыс кодексінің нормалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет және ҚР басқа да заңдарын білуді насихаттау жөнінде семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2019 жылға араналаған жоспарға сай іс-шараларды орындау үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде мемлекеттік қызмет этикасы, мүдделер қақтығысының жолын кесу, қызметтік тәртіпті сақтау бойынша құқықтық оқытуды тұрақты жүргізіп отырады, бөлім басшылары бөлім мамандарымен жеке-түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізеді, Департаменттің әрбір қызметкері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын бұзуға жол бермеу үшін жауапкершілік туралы ескертілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы, мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау және Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексі талаптарын сақтау және Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2019 жылға арналған салалық бағдарламасы тұрақты бақылануда.Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Айжамал Нұрболатқызы