ҚР Президенті бірқатар заңға қол қойды
[ 2019 ] 16 сәуір, 05:09 | Құқық
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық бюджет және Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мәселелері туралы заңдарға қол қойды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
- Мемлекет басшысы «2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
- Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019-2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады.
1009
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.