©
Қазақ елі тәуелдсіздікке қол жеткізгені ширек ғасырдан астам уақыт өтті. Бұл уақыт аралығында мемлекеттің нығаюына, дамуына ықпал ететін толассыз реформалық өзгерістер көп болды. Әлемдік аренадағы еліміздің саяси және экономикалық тұрпаты айшықталады. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан қоғамының іргелі негізіне әсер ететін ұлтымыздың рухани жаңғыруының басталғанын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жария етті. Президент мақаласы Қазақстан халқының мінезін, сындарлы ұлттық басымдықтарды қамтып, ұлттың мәдени кодын көрсетеді. Президент біздің негізгі рухани құндылықтарымыздың даму бағыттарын баяндаған: ғылым, мәдениет, білім. Еліміздің әр азаматы үшін бағдар болып отырған бірігудің және жалпы ұлттық ұқсастықты нығайтудың жаңа концепциясы ұсынылған. Елбасының мақаласында белгіленген бағдарламалық мақсаттарды іске асыру жастарда патриотизм мен азаматтық ұқсастық сезімін одан бетер нығайтады. Қазақстан халқының қоғамдық келісімінің және бірлігінің нығаюына жағдай жасайтын болады. Мықты, біртұтас ұлт болу үшін, ата бабаларымыздан келе жатқан ұлы дала мен ұлт мәдениетін мұра еткен құндылықты сақтап қала отырып, сана-сезімімізбен дүниетанымымызға әбден сіңіп қалған таптауырын қағидалардың қазіргі заманғы қоғамның дамуына кері әсер ететін тұстарынан арылып, заман ағымына сай тұстарын ғана ұстанбасақ көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін еместігі айтылады. Сонымен қатар сана-сезімнің көкжиегін кеңейтуге байланысты, жаһандық әлемнің де қажетсіз, тиімсіз кейбір дағдыларынан арылуға үндейді. Жастарымызды әлемнің озық білімімен қаруландырып, тәрбиесін ұлттық етуіміз керек. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдардың, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Қазақ елі унитарлы мемлекет болса, мемлекетті құраушы ұлт – қазақтар болып табылады. Сол себепті Қазақстандағы барлық ұлтты бір жерге ұйыту, біріктірудің жауапкершілігі қазақ ұлтына жүктеледі. Қазақтың рухани құндылығы қазақстандықтарды біртектілік пен бір тұтастыққа әкелуде үлкен маңызы бар.Ақтау қалалық №2 сотының судьясы М.Х.Мұқашев