©
Қарағандыдағы кісі өліміне күдікті Армения азаматы Н. Гурурян Ресей аумағында ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Ішкі жəне сыртқы коммуникациялар департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Бүгін ҚР ІІМ криминалдық полиция қызметкерлері Ресей құқық қорғау органдарымен бірлесіп, РФ-ның Омбы облысының аумағында осы жылдың 1 қаңтарына қараған түні Қарағандыда бұзақылық əрекет жасап, кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен Армения Республикасының азаматы Нарек Гурурянды ұстады. Қазіргі уақытта заңнамаға сəйкес оны Қазақстан аумағына жеткізу мəселесі шешіліп жатыр», - деді ол.
Айта кетелік, Н.Гурурянға Қарағанды қаласындағы "Древний Рим" мейрамханасында болған төбелес кезінде жас жігітті өлтірді деген айып тағылған. Бұған дейін әлеуметтік желілерде оның Қазақстан билігіне берілуге дайын екендігі туралы видео мәлімдемесі жарияланған еді.
Көрнекі сурет сайттың архивінен