©
2018 жылғы 27 қыркүйекте Ақтау қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған сотында кинорежиссер Винкент Прадо есімді Франция елінің азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Облыстық көші қон қызметі басқармасының мәліметіне сай, В.Прадо Маңғыстау облысының аумағында заңсыз еңбек әрекетіне барған. Сот отырысында анықталғандай, Францияның Ligne de Front продакшн-студиясы Винкент Прадоның Қазақстан аумағында, оның ішінде нақты Астана, Алматы және Жамбыл облыстарында деректі фильм түсіруге рұқсат алған.
"Сот қаулысымен Франция азаматы Маңғыстау облысында заңсыз еңбек әрекетін жүзеге асырғандықтан, ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 25 АЕК мөлшерінде 60125 теңге айыппұл салынды. Шет ел азаматына Қазақстан Республикасының заңнама талаптары түсіндірілді. Сот қаулысы заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.