"2018 жылғы 25 маусымда Орал қаласында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің күшімен радикалды діни топ әрекетінің жолы кесілді", - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Арнайы операция жүргізу барысында 8 топ мүшесі ұсталды, атыс қаруы, оқ-дәрілер және діни материалдар алынды.
"Көрсетілген адамдар Қазақстан аумағында бірқатар террористік актілер жасауға дайындалған, терроризмді насихаттаған, сондай-ақ мүліктік қылмыстар жасаған деп күдіктелуде", - делінген хабарламада.
Қазір осы фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҰҚК баспасөщ қызметі өзге ақпараттардың тергеу мүддесінде жарияланбайтынын хабарлады.
Сурет ҚР ҰҚК сайтынан