©
"Маңғыстау облыстық ІІД қызметкерлері бала ұрлаған күдіктіні ізін суытпай ұстады. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты", - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сенбі күні жергілікті тұрғын 8 жастағы баласының ұрланғанын және күдікті 1 млн теңге талап етіп отырғандығын полицияға хабарлады. Бала босатылды. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ», - деді Алмас Садубаев.
Айта кетелік, оқиға 19 мамыр күні жергілікті уақытпен шамамен сағат 15:20-да болған. Сегіз жасар ұлының ұрланғаны туралы полиция қызметкерлеріне оның анасы хабарлаған.
Қазір осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 125 бабы 2 бөлігіне сәйкес «адам ұрлады» деген күдікпен бір адам ұсталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.