©
Комсомольское кен орнындағы апатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі.
Аталған факті 2018 жылғы 20 мамыр күні Маңғыстау аудандық ІІБ Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодекстің 156 бабы 3 бөлігі (абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша енгізілді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Комсомолькое кен орнында төтенше жағдай болғанын хабарлаған едік.
19 мамыр күні сағат 22:22 шамасында дренаждық ыдыс өртенген. Санитарлық авиациясының көмегімен «М-Техсервис» ЖШС-нің үш жұмысшысы түрлі дәрежедегі күйікпен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді. Оқиға орнында алған жарақатының салдарынан «М-Техсервис» ЖШС-нің бір жұмысшысы қаза тапты.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайттың архивінен