Әділет кеңесшісі Абдуллаев Сұлтан Мұхтарұлы Бейнеу ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Абдуллаев С.М. 1973 жылы Өзбекстан Республикасында дүниеге келген. Прокуратура органдарында жұмыс өтілі 14 жыл.
Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын, Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Әртүрлі уақытта Түпқараған, Қарақия және Мұнайлы аудандары прокурорларының орынбасары болды.
2016 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Ақтау қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.