Әділет кеңесшісі Жанысбаев Бақытжан Жұмабекұлы Түпқараған ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Жанысбаев Б.Ж. 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында дүниеге келген. Прокуратура органдарында жұмыс өтілі 18 жыл.
Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Әртүрлі уақытта облыс прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерін қадағалау мен алдын-ала тергеу және анықтау басқармасының басшысы қызметін, Ақтау қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.
2012 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының Бейнеу ауданының прокуроры қызметін атқарды.