Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2018 жылғы 23 ақпандағы №38/6 бұйрығымен Маңғыстау облысының прокуратурасында кадрларды тағайындау жүргізілді.
Әділет кеңесшісі Бүркітбаев Берік Сақыпұлы Қарақия ауданының прокуроры болып тағайындалды.
Бүркітбаев Б.С. 1977 жылы 17 наурызда Маңғыстау облысында дүниеге келген. Прокуратура органдарында жұмыс өтілі 16 жыл.
Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін және Алматы қаласы Орталық Азия университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.
Әртүрлі уақытта облыс прокуратурасының ұсталған, қамауға алынған және қылмыстық жазаны өтеп жатқан адамдардың құқыктарының сақталуын қадағалау басқармасында облыс прокурорыныңаға көмекшісі, Маңғыстау облыстық прокуратурасының кадрларды дамыту бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2012 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс прокуратурасы Аппаратының кадрлық дамыту тобында облыс прокурорының аға көмекшісі қызметін атқарды.