Мұнайлы аудандық сотында «Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.
Іс-шараға аудандық сот судьялары мен кеңсе қызметкерлер қатысты.
Аудандық сот судьясы С.М.Бертай аталған тақырыпта баяндама жасап, әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары, әкімшілік жаза түрлері, әкiмшiлiк-құқықтық ықпал ету шаралары жөнінде түсініктеме берді.
Шара соңында судья С.М.Бертай қатысушыларға барлық уақытта заң талаптарын сақтауды,сондай-ақ жұмыста сәттілік тіледі.
Өз кезегінде қатысушылар өздерінің ойымен бөлісіп, пайдалы ақпараттарды алғандарын жеткізді.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі