Мұнайлы аудандық сотымен талапкер Т.К.-ның жауапкер Н.М.-нан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды және сот шығындарын өндіру азаматтық ісі қаралды.
Сот мәжілісі барысында анықталғандай, Н.М. басқаруындағы«Hyunday Accent» маркалы автокөлігімен жол жүрісі ережесінің талаптарын бұзып талапкер Т.К. басқаруындағы «Daewoo Nexia» автокөлігіне соқтығысып жол-көлік оқиғасын жасаған. Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан талапкерге 370 222 теңге материалдық залал келтірілген.
Мұнайлы аудандық сотының қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігімен Н.М. кінәлі деп танылған.
Сот отырысындатараптар төмендегідей медициялық келісімге келуіне байланысты, яғни
Талапкер Т.К. талап етіп отырған ақаша 370 222 теңгені 180 000 теңгеге дейін азайтады. Жауапкер Н.М. өз кезегінде талапкер Т.К. 50 000 береді, қалған 130 000 теңгені 2017 жылдың шілде айының 30 жұлдызына дейін төлеуге міндеттенеді.
Ал, талапкер Т.К. сотқа келтірген талабынан бас тартады және бұдан былай осы талап бойынша сотқа жүгінбеуге міндеттенеді.
Сот ұйғарымымен медициялық келісім бекітіліп, іс жүргізу қысқартылды.
Ұйғарым заңды күшіне енді.
Мұнайлы аудандық сотының баспасөз қызметі