Сот төрілегін жүзеге асыруға халық арттыру мен қолжетімділгін қамтамасыз ету, апелляциялық, кассациялық ретке мақсатында қабылданған жаңа заң үстіміздегі жылдың 1 шелдеден бастап күшіне енді. Заңға өзгерісіз еңзізудің басты себебі бірінші саты соттарының жіберген кемшіліктерін дер кезінде облыстық сот арқылы заңды шешімін таппауынан және сот ісіне қатысушы тараптардың Жоғарға Сотқа жүгінуіне қажеттіліктің көбеюінен туындады. Кез-келген азамат өз құқығын сот арқылы қорғауға болатының, қандай тәртіпке құқықты жүзеге асыра алатыны Ата Заңымызбен толық кепілдік берілгенін білгеніміз абзал.
Аудандық және оған теңестірілген соттар шығарған сот актілерінің қайта қаралу жүйесі жаңа қабылданған заңда толық нақтыланған. Мысалы, сотқа қатысушы тарапқа бірінші сатыдағы соттың шығарған сот актісіне апелляциялық тәртіпте шағымдану құқы берілген. Сонда сот актісі апелляциялық сатыда қаралып беткеннен кейін ғана заңды күшіне енеді. Сот актісіне апелляциялық сатыда шағым түсірілмесе, онда шағымдану мерзімі аяқталғаннан бастап ол заңды кушіне енеді.
Бұдан былай заңды күшіне енген сот актісіне облыстық сот арқылы шағым түсірілген жағдайда ол міндетте түрде кассациялық сатыда қаралуы тиіс. Өйткені, енді Жоғарғы Соттың қадағалау алқасы тек кассациялық сатыда қаралып, заңды күшіне енген сот актілерін ғана қайта қарайды.
Апелляциялық сот алқасы өз құдыреті шегінде қылмыстық іске орай тағылған айып азаматтық істегі талапкердің арызы бойынша бірінші сатыдағы соттың жіберген кемшіліктерін түзетуі тиіс. Яғни, куәлерден жауап алу, болмаса жаңа дәлелдемелерді зерделеу сияқты шаралар іске асыралады. Ал, тараптар сот шығарған шешіммен келіспеген жағдайда, алқа билер сотымен қаралған істерді қоспағанда, апелляциялық сот алқасы істі қайта қарауға, жаңадан өзі дербес шешім шығаруға міндетті.
Сотқа қатысушы тараптар белгілі себептермен сот актісіне шағым не наразылық түсіре алмай қалса, оңда заңды күшіне енген сотактісіне кассациялық сот алқасына бірден шағым түсіре алады.
Бұдан былай облыстық соттың апелляциялық немесе кассациялық сот алқасына жүгіну үшін, біріншіден, шағымданып отырған сот актісі заңды күшіне енуі тиіс, екіншіден, шағымдар, прокурордың наразылығы сот актісі заңды күшіне енген сәттен бастап алты ай ішінде түсірілуі керек.
Маңғыстау облысының кәмелетке торлмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман Ержанов Нұрқожа