«Неке және ерлі-зайыптылық туралы» 32-бабының 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылар мүлкінің заңды тәртібі, егер Кодекстің 33-тармағына сәйкес олардың ортақ бірлескен меншігі болып табылады. Некеде жиналған мүлік ортақ болып табылады, алайда ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жеке мүлікке ие болуы мүмкін.
Ортақ мүліктен жекенің айырмашылығы оның бір адамға толығымен тиістілігімен ерекшеленеді және сәйкесінше некені бұзуда бөліне алмайды.
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 18-бабына сәйкес жалпы мүлікті бөлуге қатысты даулар сот тәртібінде қаралады.
Меншік құқығы – заңнамалық актілермен мойындалатын және қорғалатын өзінің қалауы бойынша оған тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және басқара алатын субъектіге құқығы бар.
Жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезеңінен бастап туындайды.
Меншік иесінде бар жылжымайтын мүлікке меншік құқығын сатып алу-сату, айырбастау, сыйлау немесе осы мүліктен айыру туралы басқа келісім шартының негізінде басқадай тұлғамен алынуы мүмкін.
Азамат қайтыс болған жағдайда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетпен немесе заңмен сәйкес басқадай тұлғаға мұрагерлік бойынша ауысады.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған жағдайда оған тиесілі мүлікке меншік құқығы заңды тұлағаларға – қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның құқықтық мұрагерлеріне ауысады.
Қайтадан құрылған жылжымайтын мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелген кезеңінен бастап туындайды.
Меншік иесінен мүлікті иесінің еркінсіз басқа тұлғаға тағайындау Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен ескерілген жағдайларды қоспағанда босатылмайды.
Тұтынушылық кооперативінің мүшелері (тұрғын-үй, тұрғынүй-құрылыс, саяжай, гараж және басқа да), пәтерге, саяжайға, гаражға, басқа дай үй-жайға өзінің үлеспұлдық жарнасын толығымен енгізген, жарналық қорлануға құқығы бар тұлғалар, осы тұлғалармен пайдалануға кооперативтерге ұсынылғандар, аталған мүлікке меншік құқығын алады.
Қ.Рысқалиева,
Ақтау қаласының №2 сотының судьясы