Өмір болғасын ұрпақ жалғастыру бар. Дені сау әйел бала сүйіп, ана болуды аңсайтыны анық. Алайда, АИТВ жұқпасы тіркелген әйелдерге ондай мүмкіндік бар ма? Бұл сауалды Маңғыстау облыстық ЖИТСке қарсы күрес және оның алдын алу жөніндегі орталықтың эпидемиолог дәрігері Жазира Төлеповаға қойған едік.
Биылғы ақпан айында ҚР азаматтары арасында АИТВмен 4 адам тіркелгенін айтқан ол өткен жылғы осы кезеңде 10 адам тіркеліп, оның біреуі шет ел азаматы екенін қаперге берді.
Әлбетте, АИТВмен өмір сүретін әйелдер де ана болу құқынан айрылмайды, олар да ел қатарлы бала сүйе алады, - деді дәрігер. - Босанар алдында және босанған кезде медициналық араласудың қазіргі заманғы әдістері АИТВ жұқпасын анадан балаға берілуін іс жүзінде нөлге дейін төмендетуге көмектеседі. Дегенмен, кез келген АИТВ оң әйел осы қадамға барар алдында барлығын мұқият ойластырғаны жөн. АИТВ оң әйелдер осындай қадамға барудан бұрын барлық «жақтайтынын» және «қарсылығын» саралап салмақтауы керек. АИТВ-ның белгілері анықталмаған әйелдерде жүктілік АИТВ жұқпасы ағымын тездетеді деген ешқандай дәлел жоқ. Сондықтан, жүкті болғысы келген АИТВ оң әйел қажетті ақпаратты іздеп, кеңеске жүгінгені дұрыс. АИТВ жұқпасының ұрыққа берілу қаупін азайту үшін кейбір жағдайлар басқаларға қарағанда ұрықтануға қолайлы болып табылатыны анық болды. Кейбір әйелдер емдеу курсын жүктілікке дейін немесе жүкті екенін түсінген кезде тоқтатқысы келеді. Бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылау қажет. Әдетте, әйелдің емдеу курсын жалғастырғаны маңызды. Емдеу тоқтатылған жағдайда вирустық жүктеменің тез қалпына келу қаупі бар және бұл жағдай тіке берілу қаупін арттыруы мүмкін. Бүгінгі күні жанама әсердің жалғыз дәлелі - екі немесе үш есе терапия курсынан өтетін аналарда мерзімінен бұрын босану қаупі болып саналады. Бірақ сонымен қатар ұрықтың қалыпты емес даму қаупі де туындайды.
АИТВ оң ерлі-зайыптылар жұптарының проблемалары мынадай:
Енді АИТВ оң мәртебесін анықтаған жағдайда жүктілікті жалғастыру мәселелеріне тоқталсақ.
Ал ұрықты көтеру кезеңі жайында айтсақ:
Бала көтеру кезінде вирус берілуінің босанғанға дейінгі көтерілетін не өзгеретін факторлары мынадай:
Өйткені, басқа да жұқпалар ананың иммундық жүйесін әлсіретеді, бұл баланың АИТВ жұқтыру тәуекелдігін арттырады. Сондықтан қандай жағдайда болса да дәрігердің кеңесіне сүйенген дұрыс.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА