22 наурыз күні дәрігерлікке көмекке 93 бала жүгінген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты МО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Инфекциялық аурумен келген 55 балаға түрлі диагноз қойылып, травматология бөлімшесіне қаралған 43 баланың ішінде төртеуі хирургиялық бөлімшеге жатқызылған. Педиатрия бөлімшесіне 25 бала қаралса, оның 12-сі бір жасқа дейінгі балалар. 76 балаға амбулаторлық ем алу жөнінде кеңес берілген.
"Жаппай улану немесе жарақатпен жеткізілгендер болмады", - делінген ведомства хабарламасында.