• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сенбi, 12 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қазіргі қоғам әлеуметтік желіге тәуелді ме?...

    Азық-түлік және дайын тағамдарды сақтау

    24 шілде, 11:45  |  Қоғам

    Азық-түлік және дайын тағамдарды сақтау – бұл азық-түліктердің сапасын, қауіпсіздігін және қоректік құндылығын және сақтау мерзімін ұзартуға бағытталған. Дұрыс сақталмаған тағамдар патогенді микроорганизмдердің көбеюіне, токсиндердің пайда болуына және нәтижесінде тамақтан улануға әкелуі мүмкін.

    Біз бұл мақалада азық-түліктерді дұрыс сақтау әдістері, микробиологиялық қауіптер, және олардың алдын алу жолдары туралы қарастырамыз.

    Азық-түліктерді сақтау үшін төмендегі негізгі шарттарды сақтау қажет:

    1. Температуралық режим: Азық-түлікті сақтау үшін дұрыс температураны қамтамасыз ету өте маңызды. Көптеген тағамдарды +4°C-тан төмен температурада сақтау керек, ал мұздатылған тағамдарды -18°C-тан төмен температурада сақтау керек.

    2. Ылғалдылық деңгейі: Ылғалдылық деңгейі де маңызды фактор болып табылады. Ылғалдылық бактериялардың өсуіне қолайлы орта. Көптеген азық-түліктер жоғары ылғалдылықта тез бұзылады, сондықтан кейбір өнімдерді құрғақ жерде сақтау қажет.

    3. Жарықтандыру: Көптеген азық-түліктер тікелей күн сәулесінен қорғалған жерде сақталуы керек. Ультракүлгін сәулелер кейбір қоректік заттардың ыдырауына әкелуі мүмкін.

    4. Қаптамалау: Өнімдерді дұрыс қаптамалау олардың сақтау мерзімін ұзартуға көмектеседі. Мысалы, вакуумдық қаптамалау оттегінің әсерін азайтып, микроорганизмдердің көбеюіне жол бермейді. Сонымен қатар, өнімдерді герметикалық жабылатын контейнерлерде сақтау да олардың сапасын ұзақ уақыт бойы сақтап тұруға көмектеседі.

    5. Тағамдарды қабылдау және сақтау, азық-түлік дүкендерінен сатып алу кезінде заводтық қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің өтіп кетпеуін қадағалау.

    6. Желдету: Азық-түліктерді сақтайтын орын жақсы желдетілуі керек. Бұл көгерудің және бактериялардың көбеюінің алдын алады.

    7. Тазалық сақтау:

    • Азық-түлікті сақтайтын орындар таза болуы тиіс.
    • Азық-түлікпен жұмыс істегенде қолды жиі жуу қажет.
    • Әрбір қолданғаннан кейін тағам жанасатын ас үйдің барлық беткейлерін тазалау және дезинфекциялау.

    8. Шикі азық-түлікті дайын азық-түліктен бөлек ұстау:

    • Шикі ет, құс еті, теңіз өнімдері және жұмыртқа дайын азық-түлікпен (көкөністер, жемістер, нан және т.б.) жанаспауы керек.
    • Шикі және дайын азық-түлік үшін әртүрлі (мысалы түрлі түсті) кесу тақталары мен ыдыстарды пайдалану немесе оларды мұқият тазалау.

    Азық-түлік және дайын тағамдарды сақтау кезінде микробиологиялық қауіптерден сақтану өте маңызды. Дұрыс сақталмаған тағамдар патогенді микроорганизмдердің өсуіне әкеліп, адамдардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Микробиологиялық қауіптер азық-түлік өнімдеріне әсер ететін бактериялар, вирустар, паразиттер және зеңдерден тұрады.

    Негізгі микробиологиялық қауіптер:

    • Бактериялар: Salmonella, Escherichia coli (E. coli), Listeria monocytogenes, Campylobacter және Clostridium botulinum сияқты бактериялар тағамдық уланудың жиі себебі болып табылады.
    • Вирустар: Norovirus және Hepatitis A тағамдар арқылы жұғатын вирустардың негізгі түрлері.
    • Паразиттер: Toxoplasma gondii және Trichinella spiralis сияқты паразиттер шикі ет және теңіз өнімдері арқылы беріледі.
    • Зең және ашытқылар: Aspergillus, Penicillium, және басқа да зеңдер азық-түлік өнімдерінде өсіп, уытты метаболиттер шығарады.

    Дайын тағамдарды сақтау ережелері.

    1. Бөлме температурасы: Дайын тағамдарды бөлме температурасында ұзақ уақыт қалдыруға болмайды. Тамақтың бөлме температурасында тұру уақыты 2 сағаттан аспауы керек, ал ыстық климат жағдайында бұл уақыт 1 сағатқа дейін қысқаруы мүмкін.
    2. Тоңазытқыш және мұздатқыш: Дайын тағамдарды тоңазытқышта +4°C-тан төмен температурада сақтау қажет. Мұздатылған тағамдарды -18°C-тан төмен температурада сақтау ұсынылады.
    3. Қайта қыздыру: Дайын тағамдарды қайта қыздыру кезінде олардың ішкі температурасы 75°C-тан жоғары болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл температура патогенді бактерияларды жояды.
    4. Қаптамалау және сақтау мерзімі: Дайын тағамдарды сақтау үшін герметикалық контейнерлерді пайдалану ұсынылады. Әр тағамның сақтау мерзімін қадағалау және сақтау мерзімі өткен тағамдарды тұтынбау маңызды.

    Азық-түлік және дайын тағамдарды дұрыс сақтау тағамның сапасы мен қоректік құндылығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін маңызды. Температуралық режимді сақтау, дұрыс ылғалдылық деңгейін қамтамасыз ету, жарықтан қорғау және дұрыс қаптамалау сияқты ережелерді сақтау арқылы тамақ өнімдерінің бұзылуын және тамақ улануын алдын алуға болады.


    Жанеля Сәнжанова,

    ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
    Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті
    Манғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық
    бақылау департаменті
    Тамақтану объектілерін бақылау және қадағалау
    бөлімі Бас маманы

    419
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    қоғам
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Президенттердің жолымен» немесе Әзербайжан еліне сапар

    Келесі жаңалық

    Жұмабек Сапарбаев: Мектеп психологтарына жаңа методика қажет деп ойлаймын

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Ақтауда 2 адамды өлтірген ер адам өмір бойына сотталды

      [ 2023 ] 24 шілде, 13:46
      843

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2566

      Ақтауда «Халықты аулада қабылдау», «Жолда қабылдау» акциялары өтті

      [ 2019 ] 16 қыркүйек, 13:05
      2659

      Кәлетаев: Қоғамдық кеңестер «ақсақалдар жиналысы» болып кетті

      [ 2019 ] 8 ақпан, 06:42
      2076

      Мұнайлыда полиция қызметкерлері жоғалған 3 ноутбукты тауып берді

      22 тамыз, 15:35
      2965

      Биыл Маңғыстауда тұмауға қарсы вакцинаға 88 млн теңгеден аса қаржы жұмсалды

      22 тамыз, 12:26
      3465

      Рубрикалар

        Әлем жаңалықтарыСұхбатХабарландыруЖаңалықтарКомплаенсБайланыс мәліметтеріҚоғамЭкономика

      Автордың басқа да жазбалары

      Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

      4 қыркүйек, 17:12
      2129

      "Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қауіпсіздік клубын ашу мүмкіндігі"

      4 қыркүйек, 17:10
      5370

      Жаңашыл педагог

      4 қыркүйек, 17:08
      2090

      Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы

      4 қыркүйек, 17:05
      2118

      «Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры 65 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінді

      22 тамыз, 17:32
      3558

      Қазақстандықтардың 53,1 пайызы АЭС идеясын қолдайды – сауалнама

      22 тамыз, 16:57
      3659

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»